Текелі қаласын дамыту үшін 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді - Алматы облысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласын дамыту мақсатында 4 млрд 821 млн теңге бөлінді. Бұл жөнінде Алматы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Текелі қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков хабарлады.
