Талдықорғандық екі полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты шаралар жалғасуда. Бүгін Алматы облысының полицейлері орталық саябақтағы «Данқ» ескерткішінің алдында Екінші дүниежүзілік соғыстың батырларына тағзым етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
