Жұбанова Ғазиза Ахметқызы (2.12.1927, Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, — 13.12.1993, Алматы қаласы) — композитор, ҚазКСР-інің (1973) және КСРО (1981) халық артисі. 1949 жылы Гнесиндер атындағы музыаклық училищені (Москва қаласы), 1954 жылы Москва мемлекеттік консерваториясын (Ю.А.Шапориннің композиция класы бойынша), ал 1957 жылы аспирантурасын бітірді.