Арақтың азабы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әр адамның сегіз литрден астам ішімдік пайдалануы ұлттың құрдымға кетуіне әкеп соқтырады екен. Ал біздің елімізде 2011 жылға дейін «жынды суды» пайдалану мөлшері жан басына шаққанда 12 литрге жетіпті. Нақтылай айтсақ, ішпесе тұра алмайтындар, яғни диспансерлік есепте тұратындар 304 108 адамға жетіпті. Сыра ішушілер саны да жылдан жылға көбейіп келеді.