Елордада дүйсенбіден бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ертеңнен бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі. Бүгін қаладағы әлеуметтік нысандар жылыту жүйесіне қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімі Алтай Көлгіновке сілтеме жасап.