13 белсендінің соты: Судьяны ауыстыру туралы өтініш екінші рет кері қайтарылды
10 қыркүйек күні 13 белсендінің сотында айыпталушылардың судьяны ауыстыру туралы өтініші тағы қанағаттандырылмады. "Тыйым салынған ұйымды құрды және оның ісіне араласты" деп айыпталған 13 белсендінің бірі Марат Құрбанов осы апта басында сұрақтарға жауап беруден бас тартып, судья Ернар Қасымбековке қарсылық білдірген. Бұған прокурордың "Қазақстанның демократиялық таңдауы" мен "Көше партиясы" қозғалыстарын "экстремистік ұйым" деп тану туралы Есіл аудандық сотының шешімдерін көрсете алмауы себеп болған. Читать дальше...