Қарағандыда Нүркен Әбдіровке арналған ескерткіш жаңартылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда қалпына келтірілгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровке арналған ескерткіш ашылды. Мүсін қоладан жасалған, салмағы екі тоннаға жуық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.