ШҚО билігі Маралдыдағы алтын фабрикасы іске қосылғанын хабарлады
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында тұрғындар қарсы болған алтын өндіру фабрикасы 26 қарашада іске қосылды. Бұл жөнінде фабрика өкілдері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына айтқан. Күршім ауданы әкімдігі бүгін, 27 қарашада Азаттық тілшісіне растады. — 26 қарашада аудан орталығы Күршімде облыс басшылығы аудан активімен кездесу өткізді. Облыс әкімінің орынбасары Сапанов Дархан Бақытжанұлы мен фабрика өкілдері келіп, барлық құзырлы органдардан рұқсат алынды, фабрика ресми түрде жұмысын бастады деп хабарлады. Читать дальше...