Әділет министрлігі: Қазақстан үкіметі мен Стати арасындағы дау реттелді
Қазақстан үкіметі мен молдовалық кәсіпкер Анатол Стати арасындағы дау реттелді. Бұл туралы 18 желтоқсанда Қазақстанның әділет министрлігі хабарлады. "Қазақстан үкіметі, Ұлттық банк пен Стати тараптары Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзаққа созылған дауды реттеуді сәтті аяқтады", – деп мәлімдеді министрлік. Әділет министрлігі мәселені түпкілікті реттеу туралы қол қойылған келісім алда дау шықса, оларды қайта бастау құқығынсыз тоқтатуға негіз болады деді. Читать дальше...