Тоқаев тағы да үш АЭС жөнінде айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қаңтар күні EXPO қалашығындағы жобалық кеңседе сөйлеген сөзінде АЭС құрылысын жеделдету керектігін тағы қайталады. Оның сөзінен Ақорда сайты үзінді келтіреді. – Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек, – деді ол. Читать дальше...