Британдық бір тәулікте 12 елге барып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йоркшир графтығының тұрғыны Адам Лейтон (Adam Leyton) 24 сағатта барған елдер саны бойынша рекорд орнатты. 25 мамырда ол таңертеңгі 7-де Германиядан шығып, жолай Люксембург, Франция, Бельгия, Голландия, Дания, Швеция, Польша, Чехия, Словакия, Венгрияда болып, сапарын Австрияда аяқтады. Бұл туралы Daily mail басылымы жазады.
