Елордада мекемелердің жұмысы тоқтағаны туралы жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов боранға байланысты қаладағы мекемелер мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылғаны туралы жалған ақпарат таратқандарды полиция іздестіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.