Главные новости Барнаула
Барнаул
Ноябрь
2019

Елордада "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 419 пәтердің кілті табысталды

0
Елордада

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй кезегінде тұрған 419 азаматқа пәтер кілттерін табыстады. Пәтерлер әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтарға берілді: жетім балалар, ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, көп балалы отбасылар. Бірнеше блоктардан тұратын тұрғын үй кешені Н. Тілендиев даңғылы мен Ш. Бейсеков көшесінің қиылысында орналасқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Тәуелсіздігіміздің негізін қалаушы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы азаматтарымыз үшін жағдай жасауымыз керек екенін айтып келеді. Осындай тұрғын үй алатын мемлекеттік бағдарлама бұрың соңды болмағанды. Қазір елордада жыл сайын 2 миллион шаршы метрге дейін тұрғын үй салынып жатыр, 80 пайыздан аса жеке инвестициялар арқылы. Тек осы үйде 400-ден астам пәтер орналасқан. Келесі жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына орындау мақсатында қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін 3 есеге арттырамыз", - деді Алтай Көлгінов.

Мәселен, жалға берілетін тұрғын үйдің иесі Жанна Тәкенова 2009 жылдан бастап кезекте тұрғанын айтты. 

"Көршілерімізбен танысып үлгердік, барлығымыз өте қуаныштымыз. Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Бізге берілген пәтер үшін мемлекетке алғыс білдіремін. Мен ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырмын. Қала тұрғындарына айтарым, еш күмәнданбай құжат тапсырыңыздар. Сіздер де пәтер иесі атана аласыздар.", - деп атап өтті Жанна Тәкенова.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін құрылыс нормаларындағы қауіпсіздік параметрлерін күшейтуді тапсырды. Осылайша, жаңа үйдің барлық пәтерлерінде терезелерді бекітуге арналған құрылғылар орнатылған. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын дамыту шеңберінде ТК салу үшін негізінен отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланып, өз елімізде шығарылған лифтілер қойылды.

Қала әкімі Алтай Көлгінов көктем басталысымен аумақты абаттандыру жұмыстары басталатынын атап өтті: ағаштар отырғызылады, қосымша орындықтар, балалар тренажерлері және т. б. орнатылады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы елордалықтар жәрдемақы алды. Бұл санатқа жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен адамдар кіреді. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайыз ретінде анықталады. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшері - 4,5 АЕК немесе 11363 теңге.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в Алтайском крае

Новости спорта


Новости тенниса
Арина Соболенко

Швентек и Соболенко устроили триллер за престижный трофей






В администрации города обсудили подготовку к проведению Пасхи Христовой и Дня поминовения усопших

Виктор Томенко поучаствовал в Пасхальном богослужении

Сколько помощников фельдшера работает в малых селах Алтая и чем они занимаются?

На Алтае присматривающий за чужим домом мужчина украл микроволновку