Астана мен Алматы қалаларынан Сочиге тікелей əуе рейсі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы маусым айынан бастап, Астана жəне Алматы қалаларынан Ресейдің Сочи қаласына тікелей əуе рейстері ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада Сочи қаласының мэрі Анатолий Пахомовтың қатысуымен өткен баспасөз мəслихатында «Алеан» тур-агенттігінің президенті Илья Уманский мəлім етті.
