Аңшының әңгімесі
Аңшы Алтай тауында ан аулап жүреді. Аңшы бір шоқы тастың басына шықса, астында бір топ тауешкі жусап тұрады. Аңшы тауешкілерді атуға қимай қарап отырып ешкілерге бұқпантайлап келе жатқан аюды көреді. Аңшы не боларын көрмекке аңдып отырады. Аю таяп келіп бір үлкен тасты алады да, тауешкілерге қарай атып жібереді.